Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациялау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрауына қол қою. «keden.kgd.gov.kz» порталдағы өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.

Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауына сәйкес сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;
  • сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:

  • өкілі болып отырған тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен жасалған шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден өкілінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін, сақтандыру шартында белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
  • Комиссия айқындайтын мөлшерде, ал кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаумен шектелетін заңды тұлғаға қатысты валюта бағамы қолданыла отырып, бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • көрсетілетін қызметті берушіге кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
  • электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;

2) осы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:312

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Импорттық - экспорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасы біріңғай терезесі