Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға Лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған.

2. Лицензиялық алым енгізілмеген.

3. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.

5. Сот орындаушысының ұсыныуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.

6. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

Көру саны:690

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензиялық алым  - 10 АЕК

Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн - лицензиялық алымның 10 %-ы

Лицензияның телнұсқасы - лицензиялық алымның 100 %-ы

Қызмет көрсету уақыты

Ли­цен­зия бе­ру – 4 жұ­мыс кү­ні

Ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу – 4 жұ­мыс кү­ні

Ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту – 10 жұ­мыс кү­ні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы