Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу,  немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартудың негіздері болып:

1. Аккредиттеу туралы куәлікті, қайта ресімдеуді және (немесе) деректерді (мәліметтерді) алу үшін кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау.

2. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:210

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Куәлікті беру - 5 жұмыс күні

Куәлікті қайта ресімдеу  - 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы