Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
- «Кеден" Ұлттық интеграцияланған платформаның сайтына өту.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы
Жиі қойылатын сұрақтар
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
2) өтініште көрсетілген мәліметтердің Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көзделген салық төлеуші ұсынған құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;
3) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініштің деректері қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректермен сәйкес келмемеген;
4) Өтінішті толтыру «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19897 болып тіркелген) бекітілген «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» (328-нысан) салықтық есептілікті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес келмеген;
5) импортталған тауарлар бойынша, оған байланысты салық салынатын импорт мөлшерін түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорттың мөлшерін және (немесе) жанама салықтардың сомалары төмендетілген;
6) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомаларын төлемеген, сондай-ақ толық көлемде төлемеген жағдайларда жүзеге асырылады;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
8) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:947
