ҚҚС қайтару
Қызметті қалай алуға болады
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.kgd.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
2. cabinet.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Жоспарланған уақыт аралығында сұраныстың күйін CТК сайтындағы салық есептілігі журналында тексеріңіз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Егер жеке шотта және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС бойынша декларациясының деректері бойынша ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауы анықталса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттар бұзылса, көрсетілетін қызметті беруші талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде талаптарды қараудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
2. Мынадай:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған;
2) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде, осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған;
3) салық төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салықтық кезеңдер бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кету сомасы қайтарылуға жатпайды.
3. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша, егер:
1) өнім берушімен және сатып алушымен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауап алынбаса немесе оның ішінде:
- тұрған жері бойынша өнім берушінің болмауы;
- өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебі бойынша қарсы салықтық тексеру жүргізілмесе;
2) салықтық кезеңде тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтер мен өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасының төмендетілгені анықталса;
3) салықтық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіге немесе оның тікелей өнім берушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалса;
4) тексерілетін салық төлеуші немесе оның тікелей өнім берушісі бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрса;
5) тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша бересі болса;
6) валюталық түсім түспесе (толық көлемде түспесе);
7) экспорттау кезінде тауарларды әкету фактісі расталмаса (толық көлемде расталмаса), қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
Тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдауды жүзеге асыра отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру актісі жасалады.
Бұл ретте салықтық тексеру актісі Салық кодексінің 170-бабының талаптарына сәйкес жасалады.
Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-тық асып кету сомасы талапта көрсетілген ҚҚС-тың асып кету сомасынан және салықтық тексеру актісін жасау күніне дербес шоттағы ҚҚС-тың асып кету сомасынан аспауға тиіс.
Тақырыптық салықтық тексеру актісінде әрбір себеп бойынша жеке расталмаған соманы көрсете отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтармау негіздері көрсетіледі.
Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-тың асып кету сомасы салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде талапқа енгізуі жолымен расталмау себептері жойылуына қарай қайтарылуға жатады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:1189
