Тізілімге жаңа БКМ енгізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініш

2. Бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісі.

3. Дайындаушы зауыттың паспортыЮ

4. Дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы.

5. Қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

6. Фис­кал­ды ре­жим ор­на­ту, ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­сын қай­та тір­кеу, фис­кал­дық есеп­тер­ді, кас­са­ның ағым­да­ғы жай-күйі ту­ра­лы есеп­ті (Х-есеп) алу, сон­дай-ақ ба­қы­лау че­гін­де ба­сып шы­ға­ру үшін Ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­ла­рын қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры және ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­сы че­гі­нің маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да) 56 тар­мақ­та көз­дел­ген ақ­па­рат­ты ен­гі­зу ке­зін­де­гі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның іс-қи­мы­лын ег­жей-тег­жей­лі си­паттап көр­се­те­тін қа­ғаз және элек­трон­ды та­сы­мал­да­ғы­ш­та­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ла­у­а­зым­ды ада­мы­на ар­нал­ған нұс­қа­улық.

7. Дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделіне техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі.

8. Дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының Қағидаларға қосымшаға сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер.

9. Бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының немесе бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушының бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы Салықтық өтінішінің және Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген материалдардың болуы.

2. Бақылау-касса машинасы моделінің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарға сәйкес келуі.

Көру саны:303

Келуді брондау

Толық аты

Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті