Алкогольге ЕБМ беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде pbf.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. pbf.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ беру болып табылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

Көру саны:157

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасында өндірілетін толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын беруді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүргізеді

Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне ЕБМ беруді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жүргізеді

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі