ҚҚС бойынша есепке қою
Қосылған құнға салық төлеушілердің тіркеу есебі
Мыналарды:
1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
3) тиісінше ойын бизнесі салығын салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстiң 82-бапта аталған тұлғалар;
4) осындай арнаулы салық тәртібі таралатын қызмет бойынша шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салықтөлеушілері Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. CТ санатын және мемлекеттік салық басқармасын көрсетіңіз.
3. Cалық төлеушінің атын көрсетіңіз және өтініш берудің себебін таңдаңыз.
4. ЭЦҚ жолын көрсетіңіз.
5. Қызметтің күйін көру үшін күй бетіне өтіңіз.
6. Шығу нысанын көру үшін құжатқа сілтеме бойынша жүріңіз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:5808
