Салық төлеушілерді тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде cabinet.kgd.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. cabinet.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыт ішінде жаңартылған деректерді қайта сұратыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы – бейрезидент туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – СТ МДҚ) енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы – бейрезидент заңды тұлға туралы мәліметтерді СТ МДҚ енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
3) "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады – бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жолмен жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:18866

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Салық төлеушілерді тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға енгізу - 2 жұмыс күні ішінде

Салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу - 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары