ТЖК, нотариустарды, адвокаттарды, медиаторларды тіркеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

1) жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою;
2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту;
3) жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару және www.kgd.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару туралы ақпаратты орналастыру – жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде;
жеке практикамен айналысатын адам:

  • камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – қорытынды жасалған;
  • камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;
  • салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған кезде – салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен бастап тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

4). тізбенің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Қазақстан Республикасы 2016 жылы 29 наурыздағы «Рұқсат беру процедураларын жеңілдету әрі рұқсат құжаттарын қысқарту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшаларды еңгізу туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру қызметі "электрондық лицензиялау" порталында орындалады.

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде;
2) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – тіркеу есебінен шығару кезінде;
3) "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырады – жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою және өзгерістер енгізу кезінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады.

Жеке практикамен айналысатын адам:

камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – қорытынды жасалған;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;

салықтық берешек болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған кезде – салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген күннен бастап тіркеу есебінен шығарылды деп танылады

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:1579

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебі

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының азаматын жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою – салықтық өтінішті портал арқылы берген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде.

Жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгерту – салықтық өтінішті портал арқылы берген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде.

Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу есебінен шығарған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kgd.kz орналастырылады.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары