Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру

Өтінімде "Қазпошта" АҚ-да, "Халық Банкі" АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. 

*Онлайн-қызмет тек бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау бөлігінде ғана көрсетіледі және 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.

Жұмыс кестесі:

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда: Қор филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген, әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама.

Проактивті қызмет көрсету кезінде: өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:1079

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік корпорация арқылы - 8 жұмыс күні

Портал, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – 4 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
  • Екінші деңгейлі банктерді ақпараттандыру объектілері