Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Өнiмнiң транзитіне рұқсат немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап. 

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  6. Мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіру немесе нұқсан келтіру қатері туындаған жағдайларда.
  7. Егер өтініш берушіге қатысты рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сот тәртібімен Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса.
  8. Егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіне тән тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе өтініш беруші онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан осы тармақтың негізінде босатылса, сот осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер 3), 4), 9), 10) және 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің немесе 36-бабының.
  9. Егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың санкциялары қолданылған болса.
  10. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.
  11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:1676

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Министрліктің индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы