Кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдіктер беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторлану  және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

3. Банктің кепілдік сомасының есептелуімен Қызмет алушының несиелеу мүмкіндігі туралы оң нәтижелі шешімі бар хатының электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін қоса тіркеу.

4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

5. Порталдан қызмет көрсету нәтижелері бар құжаттарды жүктеп алу және басып шығару.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған.

2. Жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген.

3. Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайда.

Көру саны:126

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдіктер беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша-5 жұмыс күніне дейін

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша-10 жұмыс күніне дейін

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Даму» КДҚ АҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы