Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды беру
Қызметті қалай алуға болады
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бағдарлама) және «Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын кредиттеу және қаржылық лизинг механизмі шеңберінде портал арқылы кредиттер бойынша мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болады:
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталға тіркеліңіз және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз.
2. Электронды нысандағы өтінімді толтырыңыз.
3. Келісім нысандарының электронды нысанын толтырыңыз.
4. Банктің/Лизингтік компанияның кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу мүмкіндігі немесе Бағдарламаға/Механизмге қатысуға мүмкіндік беретін шарттар бойынша кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемені төмендету туралы оң шешімі бар электронды көшірмені (сканерленген көшірмени) бекіті.
5. Кәсіпкердің жобасын іске асыруға арналған бизнес-жоспардың электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін) немесе жоба бойынша сараптамалық қорытындыны (техникалық-экономикалық қорытынды/банктің/лизингтік компанияның тиісті қызметкерінің экономикалық қорытындысын, егер олар болмаған жағдайда) құжаттар, жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар).
6. Тауарлардың бір мемлекеттің аумағынан - Кеден одағының мүшесінен екінші мемлекет - Кеден одағының мүшесіне (егер ол бар болса) аумағынан өтуін растайтын жүк құжаттарының электрондық көшірмесін (сканерленген көшірмесін) бекіту.
7. Соңғы есепті кезеңде валюталық кірістердің тиісті деңгейінің бар екендігін растайтын құжаттырдың электронды көшірмесі (сканерленген көшірме) (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда).
8. Өтінімге ЭЦҚ-ға (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
9. Жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде жазба арқылы статус бетіне өтіңіз және өтінімді мақұлдаңыз.
10. Жеке кабинетте өтінімді қарау нәтижелерімен танысу.
11. Құжаттар порталынан қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеп алыңыз және басып шығарыңыз.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/және кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, кәсіпкерлік субъектісінің санатын, кәсіпкерлік қызметінің табысы туралы ақпаратты, бюджетке төленетін міндетті берешектің болмауы бойынша мәліметтер «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттк ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде анықталады.
Заңды тұлғаның порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған кезде, басшы мен заңды тұлғаның барлық құрылтайшылырын міндетті түрде келісуі талап етіледі, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылатын болса, құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға басшысының келісуі қажет болады.
Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшылық порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Келісуді растау үшін қатысушы немесе басқарушы үшін жасалатын заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен келісу нысанына қол қою қажет.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар Бағдарламаның/Тетіктің шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:180
