Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Аттестаттау туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттау жүргізу қызметіне тыйым салынғаны туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

Көру саны:410

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін – 10 жұмыс күні ішінде

Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы