Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензиясы
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) жеке немесе заңды тұлғалардың бұл санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген) бекітілген ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 6) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайында, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бұрын заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:880
