Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Субсидиялауға арналған өтінім.

  2. Органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының электрондық көшірмесі.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің тіркелгені туралы немесе дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттандыру объектісінің жұмыс графигі

1) Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Субсидияларды аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

Көру саны:120

Толық аты

Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

10 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана ЖАО