Арнаулы су пайдалануға рұқсат

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Арнаулы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта рәсімдеуге, рұқсат мерзімін ұзартуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда;

2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4,5,6,7 және 8 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) Кодекстің 48 және 49-баптарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануды жүзеге асыруға тыйым салу (тоқтата тұру) түріндегі арнаулы су пайдалану құқығын шектеу;

4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бассейндік инспекцияларға бес жұмыс күні ішінде ұсынылатын келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;

7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:2100

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Арнаулы су пайдалануға рұқсат

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегiн

Қызмет көрсету уақыты

Рұқсатты беру – 10 жұмыс күні

Қайта рәсімдеу – 3 жұмыс күні

Рұқсат мерзімін ұзарту – 3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы