Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру
Қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- Өтінім.
- Пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) көшірмесі.
- Әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі
- Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің көшірмесі.
- Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің көшірмесі.
- Жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
- Әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының көшірмесін.
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Мемлекеттік қызметтерді аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арнасы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға ұсынылады:
- Өтінім.
- Пайдаланушы куәлігінің (болған жағдайда) электронды көшірмесі;
- Әуе кемесінің тіркелгені туралы куәліктің электронды көшірмесі;
- Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәліктің электронды көшірмесі;
- Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
Жүк құжаттамасының (Азаматтық авиация комитетінің жеке сұрау салуы бойынша беріледі) электронды көшірмесі.
Біріккен ұлттар ұйымы тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізбесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ Doc. 9284-A№/905 басылымымен анықталған бортында қауіпті жүкпен тұрақты емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде қызмет алушы қосымша төменде көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ұсынады:
1. Әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатының электронды көшірмесін.
2. ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің байлануы және таңбалануы туралы пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
Азаматтық әуе кемелерін шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын, өтінімде көрсетілген белгіленген байланыс арналары арқылы рейсті жалға алу туроператорлық қызмет көрсетуге лицензияның электронды көшірмесін беруі қажет.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
- Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарға сәйкес келмеуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:529
