Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру. Өтінімге мыналарды қоса тіркеу:
- заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы БАҚ хабарландырудың жариялануын растайтын құжат;
- мүліктің иесі заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттенген заңды тұлғаның органы немесе иесі өкілеттеген органның шешімі;
- заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;
- акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін).
- филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал (өкілдік) туралы өтініш және ереже.
3. Қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алымды төлеу.
1. Салық органын көрсету.
2. Субъектінің түрін таңдау.
3. Төлем тәсілін таңдау («Сбербанк» АҚ ЕБ дербес шоты немесе кез келген басқа банктің төлем картасы) және мемлекеттік баж алымды төлеңіз.
4. Төлем картасының/дербес шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
5. Төлем туралы чек төлемнің аяқталуы бойынша қалыптасатын болады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.
6. ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбамен).
7. Жеке кабинетте ( «Қызметтерді алу тарихы» тарауында) заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықпен танысу.
Ескерту:
- онлайн қызметті банктерден, саяси партиялардан, олардың филиалдарынан және өкілдіктерден басқа заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер ала алады;
- шағын және орта кәсіптілік субъект болып келетін заңды тұлғаларға қызмет тегін көрсетіледі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайларда тарату тәртібін бұзу;
- Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы не мемлекеттік кіріс органдары мұндай заңды тұлға (шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартуы.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
- Егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
- Егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болса.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:3872
