Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
- "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
- Сұранымның ашық жолдарын толтыру, қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын тіркеу.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинеттегі "Қызмет алу тарихы" бөліміндегі жазба арқылы статусты парақшаға өту статусты парақшаға өтіп өтінімді келісу.
- Жеке кабинетте ("қызмет алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
- Порталдан құжаттарды қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеу және шығарып алу.
- Жауапта көрсетілген мекенжай бойынша әділеттің аумақтық органдарына барып Жалғының (Ереженің) телнұсқасын алу үшін құжаттардың басылып шығарылған нұсқаларын қосып тапсыру
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:779
