Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталдаавторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Заңды тұлғаның ЭЦҚ өтініш/хабарламаға қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өтініш/хабарламаны келісу (заңды тұлғаның барлық құрылтайшыларының келісуі).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтерді көрсету нәтижелерімен танысу.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі;
- Жеке басшы куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) ұсыну;
- Сот орындаушылардың және құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан көрсетілетін қызметті алушының айырылуына негіз болған сот шешімдерінің болуы негіз болып табылады;
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:6963
