Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Тиісті ұйымның ілеспе хаты.
2. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi.
3. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы).
4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама.
5. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды).

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет тұратын мекенжайы бойынша электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньға қою мүмкін.

Қызмет нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе құжаттарды қабылдаудан алдын ала бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау рәсімін өткізе отырып жолданады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:311

Толық аты

Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

3 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ