Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Категорияларға қайту

Назар аударыңыз!

1.Бір талапкер бір ғана өтінім беруі тиіс (4 колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен).
2. Тіркелген құжаттардың жалпы көлемі 5 Мб аспауы керек.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

 Назар аударыңыз!!!

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алу кезінде кездесетін қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым Министрі медициналық анықтамалық құжаттарсыз оқу орындарына құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды.

«Электрондық үкімет» порталына онлайн өтініш берген кезде - медициналық анықтамаларды бекіту өрісі міндетті емес болып табылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау:

1) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша:

- мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында;

- ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында;

- оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;

- педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;

Колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

I) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту.

II) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.

III) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Назар аударыңыз! Құрметті пайдаланушы! АХАЖ АЖ-да туу туралы актілік жазба бойынша деректер болмаған жағдайда, мәліметтерді өзектендіру үшін Сізге сілтеме бойынша сервисті пайдалану қажет.  АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру бойынша сәтті мәртебені алғаннан кейін Сізге қызметке қайта тапсырыс беру қажет.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.

Көру саны:1343

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

I) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында; ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында;  оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында; педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;

II) 3 жұмыс күні

III) 5 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
  • «Цифрлық үкімет» порталы