Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама немесе ақпараттық жүйедегі ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы хабарлама немесе тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы үзінді-көшірме не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:7883

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 АЕК

Тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін бергені үшін – 1 АЕК

Механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК

Механикалық көлік құралын немесе тіркемені қайта тіркегені үшін – 0,25 АЕК

Механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

портал арқылы – 1 жұмыс күні
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы