Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
2. Өтінішті толтыру және ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке құжаттарды қоса тіркеу:
егер некеде тұрса ерінің (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есеп жағдайы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;
егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсі болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның білімі туралы мәліметтер.
баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
3. Жеке кабинетте «Қызметті көрсету нәтижелерімен» танысу.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:412
