"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу

  • ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін) конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімінің.
  • "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер толтырған сауалнаманың электронды көшірмесі;
  • қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының электронды көшірмесі, шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда, білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжаттың электронды көшірмесі;
  • шетелге шығатын тұлғалар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген 072/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
  • бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;
  • бар болған жағдайда, № 318 бұйрықпен бекітілген белгіленген ең аз талаптарға сәйкес келетін нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың электронды көшірмесі;
  • академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлерді қоспағанда, еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;
  • мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзіндінің электронды көшірмесі;
  • тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымдардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармалары бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептеулерді ашып жазумен) көрсетілген шартсыз шақыруын (қаржылық шарттар мен талап етілетін деңгейге дейін шет тілін білу деңгейін арттыру шарттарын қоспағанда) растайтын құжаттардын электронды көшірмесін;
  • тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар № 318 бұйрықпен бекітілген және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес жасалған тағылымдамадан өту бағдарламасының электронды көшірмесін;
  • өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
  • мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетімен түскендер санаттары бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шартсыз қабылданғанын растайтын құжаттардың электронды көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжаттардың/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманың электронды көшірмесін ұсынады;
  • академиялық оқуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысушы немесе тізімге қосылған шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқып жатқан адамдар шетелдің жетекші жоғары оқу орындары осы дәрежені алу үшін белгілеген мерзімнен аспайтын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарының электронды көшірмесін ұсынады.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы санаттарының бірі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға бір рет тағайындалған жағдайда.

2. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен "Болашақ" стипендиясын тағайындауға бас тартылған үміткердің Қағидаларға сәйкес ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) Қағидаларға сәйкес олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда.

4. Құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда.

5. Үміткер Қағидаларға сәйкес бекітілген ағымдағы жылға арналған құжаттарды қабылдау мерзімдерінен тыс "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа қатысуға өтінімді жіберген жағдайда.

6. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

Көру саны:2359

Толық аты

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы

Қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.