«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өту сізді интернет-ресурсқа қайта бағыттайды orken.otbasybank.kz.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен orken.otbasybank.kz авторизациядан өту.
- "Өтінім беру" батырмасын таңдап, тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қоюға өтінішке қол қойып және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою керек.
- Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру үшін 1414-тен кіріс SMS-ке жауап беру.
- Отбасы мүшелері болған жағдайда, олар дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге orken.otbasybank.kz арқылы ЭЦҚ көмегімен қол қоюы керек.
- Өтініштің мәртебесімен танысу және тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепке қою туралы өтініш бойынша шешім қабылдауды күту.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жыл iшiнде өзінің тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауының нәтижесіне мұқтаж болғаны анықталса:
тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
тұрғын үйдi жергiлiктi атқарушы орган сатып алған жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының сол немесе басқа елдi мекенiнде тұрғанына қарамастан, оған меншiк құқығымен тиесiлi тұруға жарамды тұрғын үйдi иелiгiктен шығару;
оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң бұзылуы немесе бүлiнуi;
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйден шыққан;
жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды қоныстандыру;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:23502
