Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
Зайыбын із-түзсіз жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектелген деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенде, сондай-ақ зайыбын қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру үшін
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтініштің қажетті түрін таңдау.
- Өтінімді толтыру және актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде).
- Қосымша мәліметтер жолын тексеру.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
- Оң жауапты алғаннан кейін АХАТ (тіркелу орны бойынша) органына келу уақыты көрсетілген хабарламаны жүктеу және қарауға қол жетімді болу үшін қызметті төлеу қажет.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) төлем жүргізгеннен кейін келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Куәлік алу үшін АХАТ-қа жүгіну.
Бір реттік пароль арқылы:

- Өтінімге бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) .

Өтініш берушіге:
-

- Өтінімді толтыру және актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде)**.
- Актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде).
- Қосымша мәліметтер жолын толтыру.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
- Өтінімге ері/зайыбының қол қоюын күту (егер ерлі-зайыптының екеуінің де келісімі бойынша немесе сот шешімінің негізінде некені бұзу өтініштерінің түрі таңдалған жағдайда) қажет.
- Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күте алады, одан кейін күшін жояды.
Өтініш беруді растайтын ерлі-зайыптының біріне:
-
- Порталда авторизациядан өтіп «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қол қоюды күтіп тұрған сұранымды таңдау.
- Қажетті өтінімдерді толтыру.

- Оң жауап жағдайында өтініш берушілердің біріне АХАТ органына келу уақыты көрсетілген хабарламаны жүктеу және қарау үшін қол жетімді болатын қызметті төлеу қажет.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Куәлікті алу үшін АХАТ жүгіну.

**Егер баланың тууы («Кәмелетке толмаған балалар бар» жолын таңдағанда) немесе некені тіркеу туралы актілік жазба автоматты түрде табылмаса, АХАТ бөлімшесіне туу/некені тіркеу туралы актілік жазбаны қолмен іздеу бойынша қосымша сұраныс ашылады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса.
-
Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
-
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде өкіл арқылы жүгінген кезде.
-
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:159930