Дәрігер қабылдауына жазылу
Қызметті қалай алуға болады
1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
- "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
- Сұранымның ашық жолдарын толтыру
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
- Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
- "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
- Сұранымның ашық жолдарын толтыру
- Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
2. Мобильдік қосымшасы арқылы
- Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз
- Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз
- Сұрау салуға ЭЦҚ немесе Бір реттік пароль** арқылы қол қойыңыз
- Қызмет көрсету нәтижесімен "Қызметтер каталогы" бөліміндегі "Тапсырыстар тарихында" немесе "Хабарламалар" бөлімінде танысуға болады
* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс
** - бір реттік пароль арқылы қол қою мүмкіндігі қызмет түріне байланысты.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
- "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы медициналық ұйымға бекітілмеуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:17514
