Рұқсаттар және лицензияларды тексеру

Категорияларға қайту

"Рұқсат беру құжаттарын іздеу" сервисіне сілтеме электрондық лицензиялау порталының басты бетінде орналасқан. Тексеру сервисі – тегін, авторизациядан өтуді да, тіркеуді да талап етпейді және онда екі режим бар – оңайлатылған "жылдам іздеу" және "кеңейтілген іздеу". Бірінші тәсіл арқылы пайдаланушыға ЖСН/БСН, СТН, ӘҚНЖК/РҚБСН нөмірі және берілген күні бойынша лицензиялар іздестіруге болады.
Өз кезегінде, кеңейтілген режим көптеген параметрлер бойынша іздеуге мүмкіндік береді:
• Құжаттың бірегей нөмірі;
• Құжат ӘҚНЖК;
• Өтініш ӘҚНЖК;
• Өтініштің бірегей нөмірі;
• Нөмірі;
• Сериясы;
• ЖСН;
• БСН;
• СТН;
• Лицензиат;
• Лицензиар;
• Қызмет түрі;
• Берілген күні;
• Мәртебесі:

Көрсетілмеген;
Жарамды;
Жарамсыз;
Қайта ресімделген (жарамсыз);
Әрекеті тоқтатылды;
Әрекеті уақытша тоқтатылды;
Әрекеті ұзартылды (жарамсыз);
Әрекеті тоқтатылды (ерікті қайтару).

Қызметті қалай алуға болады

1. Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында):

  1. Осы бетте "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. Мобильдік қосымшасы арқылы

1. Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

2. Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.

3. Деректер бірден пайда болады.

* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Сіз енгізген іздеу сұранысы деректеріне сәйкес келетін барлық лицензиялар мен рұқсаттардың (соның ішінде хабарландыру тәртібіндегі) тізімі. Әрбір лицензия немесе рұқсат бойынша жоғарыда көрсетілген барлық параметрлер бойынша, сондай-ақ санат, қала, пайдалану аумағы, ерекше шарттар және т.б. сияқты қосымша параметрлер бойынша мәліметтер шығарылатын болады. Кейбір жағдайларда алынған рұқсат құжаттарын PDF форматында көшіріп алуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

ӘҚНЖК – әкімшілік құжаттың немесе өтініштің нөмірі және коды.

Көру саны:78221

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Рұқсаттар және лицензияларды тексеру

Қызмет алушылар

ҚР азаматтары

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Өтініш берген сәтте

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Электрондық лицензиялау» порталы