Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.

  2. ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.

  3. Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.

  4. Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасына кіру/шығу үшін виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап.

Порталда электрондық құжат нысанында виза.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарының берген теріс жауабы;
4) егер шетелдік Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылған жазаны өтемеген болса;
5) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
6) егер шақырылушы шетелдік арыз бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген болса.

Көру саны:4129

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

ҚР-нан шығу - 0,5 АЕК
ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 7 АЕК
Бірнеше рет ҚР-на кіру және ҚР-нан шығу - 30 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
Егер жауап ҚР ҰҚК белгіленген мерзімде берілмей, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда ҚР ҰҚК келісімі алғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі.
Порталға жүгінген жағдайда – 1 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Аумақтық полиция органдары