Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Апостилденетін құжаттың скан-көшірмесін қоса тіркеу және электрондық өтініш жолын толтыру.
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
  5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) «Апостиль» электрондық мөртаңбасын алыңыз

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Апостилденетін құжаттың скан-көшірмесін қоса тіркеу және электрондық өтініш жолын толтыру.
  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 
  5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Қағаз жеткізгіштегі «апостиль» мөртабаны бар құжат.

Электрондық апостиль өтініш берген кезде уәкілетті мемлекеттік орган берген қауіпсіздік кодын қолдана отырып, апостильді жүктеу жолымен портал арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатпен жүгінген жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы хат.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Көру саны:3929

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Қазақстан Республикасында жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Мемлекеттік корпорацияда - 2 жұмыс күні.
Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Порталда - құжаттарды апостильдеу күнін, уақытын тағайындау туралы хабарлама алу - 1 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы