Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
  5. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  7. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ   бару.

Бір реттік пароль арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
  4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 
  5. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
  6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  7. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ   бару.

Жұмыс кестесі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасы.

Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:1323

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Ақылы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады (бағасы ҚҚС-сыз)

Қызмет көрсету уақыты

Көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) және порталға:
Пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер, жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бірінші жұмыс күні
Жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі
Жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектілері үшінші жұмыс күні беріледі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы