Шетелдік IT-мамандарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған;
5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынбаған;
6) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
7) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
8) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
10) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелcіз себептермен ұсынбаған;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
14) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
15) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
16) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;
17) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;
18) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
19) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
20) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
21) Қазақстан Республикасына келуіне қарсы көрсетілім болып табылатын аурулары бар;
22) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
23) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 16) және 19) тармақшалары қолданылмайды.
Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты 21) тармақшаның ережесі қолданылмайды.

Көру саны:46899

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

4 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 күн

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Аумақтық полиция органдары