ХҚКО-на электронды кезекті брондау

Категорияларға қайту

Көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ кез келген филиалының операторына кезекті брондауға мүмкіндік береді. Тармақтың әрбір атауында қызмет көрсету тізбесі көрсетілген, оларды алу үшін кезек брондалады.

Назар аударыңыз ХҚКО-да электрондық қызметтерді алу жеңілдік санатына жататын тұлғаларға (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар) ұсынылады.

Құрметті пайдаланушылар! ХҚКО бару үшін Сізге келесіні орындау қажет:

- Брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу;

- Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);

  • Медициналық тексеруден өту үшін бөлімге брондалған уақыт басталғанға дейін 30 минут бұрын келу қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы сонымен қатар «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша СпецЦОН-да теориялық және практикалық емтиханға кезектіЖүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру үшін электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі арқылы тапсырыс бере алады

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.

2. ХҚКО таңдау.

3. Сапар мақсатын таңдау:

«Жеңілдігі бар терезе» таңдау кезінде сіздің жеңілдік санатыңыз тексеріледі, сіздің деректеріңіз расталған жағдайда, сіз электрондық және қағаз қызметтерін алу мумкіндігі бар.

4. Сапар күні мен уақытын таңдау.

Жұмыс кестесі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Кезекті алдын ала брондау тәулігіне бір рет рұқсат етіледі.

Кезекті брондау қызметі жұмысының нәтижесімен «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде таныса аласыз.

Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеу кезінде, Сізге ХҚКО-ға кезекті сәтті броньдау туралы СМС-хабарлама келіп түседі.

Автокөлікті қайта тіркеу үшін Мамандырылған ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының ЖСН көрсету қажет.

Көру саны:69847

Келуді брондау

Толық аты

ХҚКО-на электронды кезекті брондау

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Дереу

Бейненұсқаулық