Жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын беру
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
6. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Сату-сатып алу шарты;
- Сыйға беру шарты;
- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Жекешелендіру туралы шарт;
- Пайдалануға қабылдау актісі;
- Жер учаскесіне акті;
- Заңдастыру туралы шешім;
- Сот шешімі;
- Бұзу шарты;
- Қабылдау және беру актісі;
- Цессия шарты;
- Жалға алу шарты;
- Беру шарты;
- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Тіркеу кәлігі;
- Кепіл шарты;
- Қосымша келісім (сот және банктік).
7. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
8. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
6. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
- Сату-сатып алу шарты;
- Сыйға беру шарты;
- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Жекешелендіру туралы шарт;
- Пайдалануға қабылдау актісі;
- Жер учаскесіне акті;
- Заңдастыру туралы шешім;
- Сот шешімі;
- Бұзу шарты;
- Қабылдау және беру актісі;
- Цессия шарты;
- Жалға алу шарты;
- Беру шарты;
- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Тіркеу кәлігі;
- Кепіл шарты;
Қосымша келісім (сот және банктік).
7. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ куәлік телнұсқасын алу үшін бару. Өзімен бірге шығарылған хабарлама және жеке басты куәландыратын құжат болу қажет.
* Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
- Егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса.
- Егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімі болса.
- "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:7079
