Табыс салығын қайтару
Қызметті қалай алуға болады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Өтініш.
2. Жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелері.
3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат.
4. Алынған кірістер мен ұсталған, төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелер.
5. Қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері.
6. Бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда – осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
7. Өтінішті заңды тұлға берген жағдайда қосымша:
- құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері не
- құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетіле отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмелер қоса берілуге тиіс.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда осындай бейрезидент салық агентіне:
- бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін осындай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған құжатты (актіні);
- не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері көрсетілген өзге де құжатты ұсынады.
Өтінішті жеке тұлға ұсынған жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Бейрезидент депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден табыс салығын қайтарып алуға өтінішті ұсынған кезде өтінішке мынадай құжаттарды:
1. Өтініш.
2. Мыналарды:
- бейрезиденттің атауын немесе тегін, атын және әкесінің атын;
- депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
- бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның баламасын (ол болған кезде), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын орталық депозитарийден алынған шоттан үзінді көшірмені;
3. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімін.
4. Келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан үзінді көшірмелерді.
5. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты қоса береді.
Бейрезидент құн өсімінен алынған кірістерден табыс салығын қайтаруға өтініш берген кезде өтінішке мыналардың:
1. Өтініш.
2. Жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелері.
3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат.
4.Алынған кірістер мен ұсталған, төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе өзге де құжаттардың көшірмелеі.
5. Бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда – осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
6. Өтінішті заңды тұлға берген жағдайда қосымша:
- құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері не
- құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент-заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлері көрсетіле отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан үзінді көшірмелер қоса берілуге тиіс.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде) немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда осындай бейрезидент салық агентіне:
- бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін осындай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған құжатты (актіні);
- не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлері көрсетілген өзге де құжатты ұсынады.
7. Өтінішті жеке тұлға ұсынған жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
8. Сатып алу және өткізу бағасын көрсете отырып, акцияларды, қатысу үлестерін және өзге де мүлікті сатып алу-сатуды растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі
Дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек кодексіне және мерекелер туралы заңға сәйкес күндер.
Жиі қойылатын сұрақтар
- Салық кодексінің 226-бабына сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі (қызметінің тұрақты орны) деп тану;
- өз қаражаты есебінен салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалуы және бюджетке аударуы бойынша бюджеттен табыс салығын қайтарып алудан бас тарту туралы шешім шығарған өтініш қайта ұсынылған кезде;
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:4143
