Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлік немесе куәлік
Қызмет электрондық форматта қолжетімді
Қызметті қалай алуға болады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. Көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралыөтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
3. ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
4. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының болуын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-де он алты жастан бастап жүргізіледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі:
Дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:10792
