Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Өтініш.

2. Төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген;
4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде;
5) егер cұрау салынатын статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде таратылуға жататын ресми статистикалық ақпарат болып табылса мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

Көру саны:928

Толық аты

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Қызмет мемлекеттік статистика саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі

Қызмет көрсету уақыты

9 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" ШЖҚ РМК