Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

5. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Көру саны:318

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы