Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Категорияларға қайту

Құрметті талапкерлер!

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы бөлімге оқуға қабылдау үшін құжаттар электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы қабылданады, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арқылы 2025 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін алу үшін ЭҮП-ке авторлану қажет.

Құжаттарды онлайн форматта беру кезінде «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», сондай-ақ «Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белсенді түрде алуға мүмкіндік бар.

Авторландыру кезіндегі қателіктер немесе басқа да техникалық қателіктер болған жағдайда проблеманы жан-жақты сипаттап, өтінімдерді/өтініштерді support@epvo.kz электрондық поштасына жолдауыңызды және қателіктердің скриндерін (ЖСН, проблеманың жан-жақты сипаттамасын, өтінімнің нөмірін) қоса тіркеуіңізді сұраймыз. 

Қосымша ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына жүгінуге болады (қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сілтемесі бойынша қолжетімді), сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284 бойынша хабарласуға болады.

Бұдан басқа, 2025 жылғы 25 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына баруды сұраймыз.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:11676

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Құжаттарды қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, ал оқуға қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
  • «Цифрлық үкімет» порталы