Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, ұзарту, күшін жою.
Қызметті қалай алуға болады
Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
2. ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
3. Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
4. Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
В1, "В2", "В3", "В12" және "С12" бір мәртелі визаларды ресімдеу үшін - "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарының берген теріс жауабы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:5169
