Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек).

Өтінімге келесі құжаттарды кірістіру:

  • жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
  • бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сынақтаманы тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • өлшемі 3x4 см. болатын цифрлік фото;
  • 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі№ 39 бұйрықпенбекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылдың 28 тамызына қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.

2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:1120

Толық аты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:магистратураға – күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында;
докторантураға – күнтізбелік жылғы 26 қарашадан 10 қаңтарға дейін.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
  • «Цифрлық үкімет» порталы

Қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Сіз құжатты тексере аласыз

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады