Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру, мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Электронды қызмет көрсетіледі:

- 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некелерін тіркеген АХАЖ АЖ отбасыларға; 

- 2007 жылғы 13 тамыздан бері қарай туған балалары бар отбасыларға;

- асырап алынған балалар немесе 2008 жылдан бері қайтыс болғандар.

Электронды қызмет бойынша барлық пайдаланылатын сервистер синхронды режимде қол жетімді.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

Электрондық қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы мына азаматтарға қол жетімді емес:

  • жәрдемақы төленетін басқа балаларға жәрдемақы үлесін бөлумен немесе қайтыс болған асыраушысына бөлумен;
  • 8 жасқа толмаған баланың күтімі бойынша  санаттарға арналған жәрдемақы;
  • немесе әскери қызметтен өткенде қызметтік міндеттерді орындауда  қаза тапқанның (қайтыс болғанның), әскери қызметкерді жәрдемақысы

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

Көру саны:1442

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

7 жұмыс күні

Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар еуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут

Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш тапсырған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы