Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге is.ncste.kz ақпараттандыру объектісі арқылы ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер және құжаттар.
  2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы уәкілетті органның бұйрығынан үзінді немесе куәлігінің көшірмесі.
  3. Биоәдеп мәселелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін).
  4. Гранттық қаржытандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы.
  5. Іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім (қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы үшін).
  6. Жеке басын куәландыратын құжаттар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет берушінің қабылдауы алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Қызмет нәтижесі

1 кезең – МҒТС (МҒТС балын көрсете отырып) қорытындылары - МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша немесе себептемелі бас тарту, өтінімнің сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарпашыға жіберілгені туралы хабарлама;

2 кезең –ҰҒК жіберілгені туралы хабарлама;

3 кезең – МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі (МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер бойынша).

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы туралы ұсынылған мәліметтердің және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.
6) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін органикалық қолжетімділіктің дербес дерекетеріне қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

Көру саны:602

Толық аты

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегiн

Қызмет көрсету уақыты

Жобалар мен бағдарламалардың МҒТС қорытындысы және ҰҒС шешімін берудің жалпы мерзімі – 74 жұмыс күні:

1-кезең: әрі қарай

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы»