Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.
2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.
Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде Атырау облысынан келгендер үшін – 1500 грант, Маңғыстау облысынан – 2000, Түркістан облысынан – 600, Абай қаласынан – 300, Шымкент қаласынан – 300, Жетісу қаласынан – 300, Ұлытау қаласынан - 300 грант даярлаудың мынадай бағыттары: педагогикалық ғылымдар, математика және статистика, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша бөлінді.
Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:
Электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланушылардың бір мезгілде жүгінуіне байланысты техникалық іркілістер байқалуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы 8 (7172) 47-25-25, ішкі 702, 504 және «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069.
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қажетті құжаттар:
-
Өтініш.
- Білім туралы электрондық құжат.
- 3х4 өлшемді цифрлы фото.
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы.
- Көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжат (екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының да қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын, мүгедектік туралы анықтамаларды және т.б. растайтын құжаттар).
Жеке басты куәландыратын, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі құжат, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты туралы мәліметтер
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:6044
