Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторлану және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.

2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу

 апостиль қойылатын құжат;

3. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.

4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

5. Апостиль қойғызу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелеріне бару керек.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

"Апостиль" мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру немесе бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты бе­ру.

* Қызмет Гаага Конвенциясы құрамына кіретін елдер үшін қолжетімді. Егер де ел Гаага Конвенциясы құрамына кірмейтін болса, онда құжаттарды заңдастыру үшін сол елдің Қазақстан Республикасындағы елшілігіне жүгіну қажет.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Көру саны:1850

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

0,5 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдеу туралы өтінішті қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күні
Порталға жүгінген кезде - 15 жұмыс күні


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдеу туралы өтінішті қарау мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 20 жұмыс күні
Порталға жүгінген кезде - 20 жұмыс күні

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы