Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы мәліметтер

Категорияларға қайту

Қызметті онлайн алу үшін нұсқаулықпен танысуға болады

Қызметті қалай алуға болады

1. Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.БСН көрсетіп, өтінімді толтыру немесе бір (немесе бірнеше) төменде келтірілген параметрлер бойынша кеңейтілген іздеуді пайдалану: 

  • ұйымның атауы; 
  • ұйымдастыру нысаны;
  • ұйымдастыру-құқықтық нысаны; 
  • басшының ТАӘ; 
  • құрылтайшының ТАӘ. 

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

2. Telegram-бот арқылы

1. Telegram-бот-пен жұмыс істеу үшін өз телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеуіңіз  қажет.  

2. Telegram мессенджерді өз смартфоныңызға орнатыңыз, «Іздеу» алаңында @EgovKzBot ботының атауын теріңіз және «Бастау»  командасын басыңыз, бұдан әрі мәзірден   «Телефон нөмірін жіберу» дегенді таңдаңыз.   

3. Бастағаннан кейін көрсетілген команда-батырмалардың  көмегімен бірден көрсетілетін қызметке сұрау салу жіберіңіз. Ол үшін қажетті көрсетілетін қызметті, оның параметрлерін таңдаңыз және  сұрау салуды алынған SMS-код арқылы растаңыз.

4. Алынған қызметтің нәтижесін мәртебесі «Дайын»  болып өзгергеннен кейін жүктеп алып, қалаған электрондық поштаға жіберуге болады.

3. Мобильдік қосымшасы арқылы

1. Мобильді қосымшада бір реттік пароль* немесе ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

2. Қажетті қызметті таңдаңыз, қажет болса сұрау салу орнын толтырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.

3. Сұрау салуға ЭЦҚ немесе Бір реттік пароль** арқылы қол қойыңыз.

4. Қызмет көрсету нәтижесімен "Қызметтер каталогы" бөліміндегі "Тапсырыстар тарихында" немесе "Хабарламалар" бөлімінде танысуға болады.

* - мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеу болу тиіс

** - бір реттік пароль арқылы қол қою мүмкіндігі қызмет түріне байланысты

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Көру саны:621

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

"Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан мәліметтерді ұсыну

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 минут

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Egov мобильдік қосымшасы
  • «Цифрлық үкімет» порталы

Қосымша