Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою

Категорияларға қайту

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Ақмола облысы (Қосшы), Солтүстік Қазақстан облысы (Айыртау, Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев ауданы, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандары) бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (balabaqsha.snation.kz).

Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан (қалған аудандар), Шымкент қаласы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Астана қаласы, Абай, Ұлытау облыстары бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (indigo24.kz).

Ақмола облысы (қалған аудандар) бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (akmola.kz).

Алматы қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (balabaqsha.snation.kz/ru/ala).

Ақтөбе облысы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (darabala.kz).

Алматы облысы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз (gu.almobl.kz).

Қызметті қалай алуға болады

Cіз мына қызметті портал арқылы ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру кезегіне қоюға өтініштер ресми өңірлік порталдар арқылы беріледі.

Өтінім берудің қарапайымдылығы үшін келесі сайттарды пайдалануды ұсынамыз, порталды таңдау өтініш берушінің тұрғылықты жеріне байланысты.
- balabaqsha.snation.kz 
- indigo-nursultan.e-orda.kz/ru

Бірінші кезекті орынды алу құқығына ие

    1. Мүгедектігі бар балалар.
    2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
    3. Жетім балалар.
    4.  Көп балалы отбасылардың балалары.
    5. Арнайы мемлекеттік органдардың балалары соның ішінде қызметтен өту кезінде із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болғандардың балалары.

Кезектен тыс орын алу құқығына ие:

    1. Әскери қызметкерлердің балалары, соның ішінде қызметтен өту кезінде қаза болған, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың балалары.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Көру саны:26878

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

Жалпы білім беру кезегіне өтініштер автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
 
МДҰ-ға кезектен тыс орын үшін кезекке қоюға өтініштер (әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерлері) 1 жұмыс күні ішінде өңделеді.
МДҰ-ға бірінші кезектегі тәртіппен орын алу үшін кезекке қоюға өтініштер (педагогтердің, медициналық қызметкерлердің балалары; заңды өкілдері мүгедектігі бар тұлғалар болып табылатын балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; мүгедектігі бар баласы бар отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар) өтініш берілген сәтте автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
 
Санаториялық, арнайы кезекке өтініштер 1 жұмыс күні ішінде өңделеді.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Бейненұсқаулық

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Ақпараттандыру объектілері